Полиция департаменті жол ережесін бұзғандарға қатысты шара қабылдады
Алматыда жол ережесін өрескел бұзған мектеп бітіруші түлектері кортежінің жүргізушісі жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл видео әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Жастар жүріп бара жатқан көліктің терезесінен, төбесінен шығып алған. Олардың кейбірі жолдың қарсы бетіне шығып, дабылдарын қосқан.
Қалалық Полиция департаменті жол ережесін бұзғандарға қатысты шара қабылдады.
Мұның алдында полиция жол ережесін бұзған басқа кортеж жүргізушісін әкімшілік жазаға тартқан болатын.