Каспий теңізінің Маңғыстау бөлігінен 94 өлі итбалық табылды

Каспий теңізінің Маңғыстау бөлігінен 94 өлі итбалық табылды
Қазіргі уақытта өлі итбалықтардың қаңқасын жою шаралары ұйымдастырылуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2022 жылы 27 сәуірде Каспий теңізінің Маңғыстау бөлігінің жағалауын зерттеуді жалғастыру барысында барлығы 94 өлі итбалық табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитетіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, зерттеу жұмыстарын ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы, Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті, ветеринарлық қызмет және жергілікті атқарушы орган өкілдері жүргізді. Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті зертханалық зерттеулер үшін су мен топырақ сынамаларын алды. 

Айта кету керек, итбалықтардың қаңқаларының қатты ыдырауынан өлімнің себептерін анықтау мақсатында зертханалық зерттеулер жүргізу үшін сынамалар алу мүмкін болмады. 

«Қазіргі уақытта өлі итбалықтардың қаңқасын жою шаралары ұйымдастырылуда. Жағалау мониторингі жалғасуда, су мен топырақты талдаудан алынған сынамалардың нәтижесі белгілі болған соң қосымша ақпарат жарияланады»,- делінген хабарламада.


Новости партнеров