Шымкентте синтетикалық есірткі сатқан интернет-дүкен анықталды

inbusiness.kz
inbusiness.kz
Аталған факті бойынша ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне өтініш жолданып, нәтижесінде 9 маусымда «интернет-дүкеннің» қызметі ҚР аумағында бұғатталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті интернет ойынханалар мен заңсыз тауарлар өткізумен айналысатын интернет-сайттарды анықтауға бағытталған жұмыс барысында есірткі және психотроптық заттар сатумен айналысқан интернет-дүкенді анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталған факті бойынша ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне өтініш жолданып, нәтижесінде 9 маусымда «интернет-дүкеннің» қызметі ҚР аумағында бұғатталды.

Айта кетерлігі, 2019 жылы департамент 15 «интернет-ойынхана» және «синтетикалық есірткі» сатқан 3 веб-ресурсты анықтап, жойған болатын.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, интернет-ресурстардың мониторингісі тұрақты негізде жүргізілуде.

Новости партнеров