|
Jol
18.02.2019 | 10:38
3817

Шымкентте ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікті ұсталды

Ол Шымкенттің 27 жастағы тұрғыны болып шықты

Шымкентте ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікті ұсталды Zakon.kz

Шымкентте бизнеспен айналысатын ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Ол Шымкенттің 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам 16 ақпанда жедел іздестіру шаралары барысында ұсталған.

«Күдікті өз кінәсін мойындап, оған заттай айғақтар дәлел болды. Тергеу мүддесіне орай істің өзге мән-жайы жарияланбайды. Соталды тергеу жалғасып жатыр. Күдікті қамалды», - деп хабарлады полиция өкілдері.

Жантүршігерлік адам өлтіру оқиғасы 6 ақпанда түнгі уақытта шаһардың Байтұрсынов көшесіндегі ықшамауданда болған. Қаруланған адамдар үйге терезесін сындырып кірген. Кейін олар 64 жастағы үй иесі мен оның 62 жастағы әйелін өлтірген. Ерлі-зайыпты пышақ және оқ жарақатынан қаза тапты. Ер адамға 12 рет пышақ салған. Өлтірілген кәсіпкер - құрылыс компаниясының құрылтайшысы.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир