Жарақат алғандардың қатарында Алматы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Жүнісбеков те бар
Әсіресе оқиға орнына бірінші болып жеткен Жамбыл және Алматы облысы полиция департаментінің жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері арасында жарақат алғанда көп. Бірінінің беті мен сол аяғына оқ тисе, екіншісі аяғынан жарақат алған. Зардап шеккендердің қатарында Алматы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Жүнісбековте те бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оған ота жасалып, қазіргі уақытта денсаулығы бірқалыпты. Одан бөлек оқ-дәрілер сауытқа тиім, жандары аман қалған полицейлер де аз емес. Зардап шеккендердің көпшілігі алғашқы медициналық көмек алғаннан кейін қатарға қосылып, қызметтерін жалғастыруда. Аталған деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 380-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.