Өткен тәулікте 12 табиғи өрт орын алды
Фото: ҚР ТЖК баспасөз қызметінен
Қалыптасқан ыстық ауа райына байланысты республикада жоғары өрт қауіптілігі сақталады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Өткен тәулікте ағымдағы жылғы 2 тамызда республика бойынша 12 табиғи өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қостанай, Павлодар облыстарындағы 2 орман өрті және Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарындағы 3 дала жануы ТЖК бақылауында.
Бұдан басқа, өткен тәулікте Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы құрғақ шөптің жануы жойылды. Аталған өңірлерде дала жануының жалпы ауданы 3537 га, оның ішінде Ақтөбе облысындағы дала жануының ауданы айтарлықтай үлкен – 2 000 га, Батыс Қазақстан облысында – 1 394 га. Өртті жоюға ТЖД, ерікті өрт сөндіру құрамаларының, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
15.10.2026 13:44
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
15.10.2026 08:14
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
15.10.2026 13:30
Алаяқтық қарыздың рәсімделуіне қалай жол бермеу керек
15.10.2026 17:45