«Шұбаркөл Көмір» кәсіпорнында жұмысшы пойыз астында қалып қайтыс болды
elements.envato.com
Болған оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Шұбаркөл Көмір» АҚ ішкі теміржол желісінде бағыттау бекетінің кезекшісі пойыз астына түсіп мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, қайғылы оқиға 15 қаңтарда болған.
«Кәсіпорынның ішкі теміржол желісінде қызметкердің өліміне әкеп соқтырған жазатайым оқиға болды. Жұмыс кезінде бағыттау бекетінің кезекшісі бос вагондардың астына түсіп кеткен. Болған оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеу басталды», - делінген хабарламада.
«Шұбаркөл Көмір» ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстарына көңіл айтып, қажетті көмек көрсететінін жеткізді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
05.11.2026 08:43