Шымкентте ұялы телефонын қуаттағысы келген ер адам мерт болды

Шымкентте  ұялы телефонын қуаттағысы келген ер адам мерт болды
Бір жыл бұрын Шымкентте ұялы телефонын тоққа қою кезінде 4 адам көз жұмған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте 23 жастағы азамат ұялы телефонын тоқтан ажыратамын деп көз жұмды, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 шілдеде сағат 02:30-да жеке тұрғын үйде 1996 жылы туған азаматтың көз жұмғаны туралы ақпарат келіп түсті. Тексеру барысында оның ұялы телефонын қуаттау кезінде ток ұрып, көз жұмғаны анықталды.

2018 жылы Шымкентте осындай жағдаймен төрт адам көз жұмған, оның екеуі - 14 және 9 жастағы балалар.

Шымкент қаласындағы Төтенше жағдайлар департаменті, телефон қуаттағышын тоққа қойғанда абай болуды ескертеді.

«Көбіне иммунитеті әлсіз, тершең адамдар ток соққанда бірден тіл тартпай кетеді. Адамды тоқ ұрған уақытта оған көмектесемін деп жалаң қолмен бас салмау керек, тоқ өтпейтін құрғақ матамен ұстаған жөн», – делінеді төтеншеліктердің кеңесінде.

Новости партнеров