|
17.05.2023 | 10:41
2377

Мотоциклмен соқтығысқан самокат жүргізушісі мерт болды

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем зардап шеккен екеуін де алып кетті

Мотоциклмен соқтығысқан самокат жүргізушісі мерт болды Zakon.kz

Самокат пен мотоциклдің соқтығысуынан кісі өлді, екіншісі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Сейфуллин даңғылында, Тимирязев пен Сәтбаев көшелерінің арасында болған.

Yamaha мотоциклін мінген жүргізуші Сейфулин даңғылының бойымен оңтүстік бағытта, ал самокатты жалға алған тұрғын солтүстікке қарай кетіп бара жатқан. Ол солға – Политехническая көшесіне бұрыла бастаған, бірақ дұрыс есептемей, мотоциклдің дәл алдына бұрылған. Мотоциклші қатты жылдамдықпен оны қағып кеткен.

Самокат, мотоцикл және оны айдап келе жатқан екеуі де екі жаққа, бірнеше ондаған метрге ұшып кеткен.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем зардап шеккен екеуін де алып кетті. Бірақ көлік қозғала бастағанда-ақ самокат мінген тұрғын қайтыс болды. Мотоцикл жүргізушісі жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир