Жүргізушінің үстінен іс қозғалады
Нұр-Сұлтан-Қарағанды бағытындағы тас жолда жүк көлігі бақылаушы инспекторларды қағып кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Көлік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 16 шілдеде болған.
Жылжымалы көлік бақылау бекетінің қызметкерлері кезекшілік кестесіне сәйкес, Нұр-Сұлтан – Қарағанды тас жолында бақылау жүргізген.
Бекеттің 2 инспекторы HOWO маркалы жүк көлігін тоқтатпақ болған кезде жүргізуші олардың бұйрығын орындаудың орнына өздерін қағып өткен.
Содан кейін барып басқа көлікке соғылған.
Оқиға орнына Көлік комитетінің мамандары, жол полициясының қызметкерлері және жедел жәрдем мамандары келіп, зардап шеккен көлік инспекторлары ауруханаға жеткізілген.
Ал жол ережесін бұзған жүк көлігінің нормативтен 20 тонна артық жүк тиелгені анықталды.