Маңғыстау облысында жол апатынан жүкті әйел қайтыс болды (видео)

25.07.2019 15:42

Жол апаты 24 шілдеде Ақтау - Құрық тас жолында болған

Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Оқиға салдарынан бірнеше адам зардап шегіп, жүкті әйел қаза тапты, деп хабарлайды Lada.kz.

Жол апаты 24 шілдеде Ақтау - Құрық тас жолында болған.  

Соқтығысқан көліктердің бірінде жүкті әйел болған. Ол оқиға орнында қаза тапты.