Петропавлда су тасқыны кезінде жоғалған адамның денесі табылды

13.05.2024 15:42

Жалпы СҚО бойынша 3 мыңнан астам үй су астында қалды

elements.envato.com

Петропавлда бір ай бұрын жоғалған қала тұрғынының денесі тасқын су басқан ықшамауданнан табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 сәуірде Петропавлдың 34 жастағы тұрғыны із-түзсіз жоғалған еді.

12 мамырда сүңгуірлер ер адамның денесін алып шықты. Мәйітте зорлық белгілері болмаған, ол сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Естеріңізге салайық, Петропавлда 12 сәуірден бастап Есіл өзенінің суы көтеріліп, тек 22 сәуірден кейін ғана түсе бастады.

Жалпы СҚО бойынша 3 мыңнан астам үй су астында қалды. Петропавлда саяжайдағы үйлері суға кеткендерге де біржолғы төлем берілетін болды.

Қазіргі уақытта арнайы құрылған мехбригадалар тасқынның салдарымен күресіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматыда мопед ұрлаумен айналысқан екі топ ұсталды