Атырауда КамАЗ бен LADA автокөлігі соқтығысты

elements.envato.com
elements.envato.com

Жол апатының салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы ауруханаға түсті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысында КамАЗ бен LADA көліктері соқтығысты. Жол апатының салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы ауруханаға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 18 ақпанда болған.

«Жергілікті уақытпен сағат 16:10 шамасында республикалық маңызы бар «Атырау – Орал» бағытындағы тасжолдың 62-шақырымы тұсында екі көлік соқтығысты. Жол апатының салдарынан КамАЗ-ға соғылған LADA жеңіл автокөлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы түрлі дене жарақатын алды. Зардап шеккен 4 адам Махамбет аудандық ауруханасына жеткізілді», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір Махамбет аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғасына қатысты тиісті іс-құжат жинақтап жатыр.

«Қыс мезгілінде ауа райының қолайсыздығынан жол үстінде көктайғақ қалыптасып отыр. Мұндай кезде көлік жүргізушілері сақтық шарасына немқұрайлы қарамай, жолда жүру ережесін қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз», – деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жол апатынан жүргізуші оқиға орнында, бір жолаушы ауруханада көз жұмғанын еді.

Жол апаты «Атырау-Индер» тасжолының 72-шақырымында Toyota Ipsum мен Lada Grantа автокөліктері соқтығысқан. Соның салдарынан Lada Granta автокөлігінің 1997 жылғы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал, 1962 жылғы жолаушы ауруханада қаза тапты. Тoyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушы түрлі жарақатпен Махамбет аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

Жол апатынан Toyota Ipsum көлігі өртеніп кетті.

Новости партнеров