Жоғалып кеткен 6 жасар бала табылды

пресс-служба ДП Алматы
пресс-служба ДП Алматы
Түн жарымда ол Қапшағай көпірінде самокат теуіп бара жатқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы полициясы жоғалып кеткен 1-сынып оқушысын тапты, деп хабарлайды Қазақпарат.

Полицияға кешкі сағат 17:55-тер шамасында 6 жасар Бағжан Ерболаттың жоғалып кеткені туралы хабар берілген болатын. Анасының айтуынша, бала «Дорожник» шағын ауданындағы үйдің ауласында ойнап жүрген.

«Баласы табылмаған соң әйел полицияға жүгінген. Біз бірден бірнеше іздеу тобын құрдық. Оған криминалды полиция, жасөспірімдер ісі бойынша бөлім инспекторлары тартылды. Бағжан Үлкен Алматы каналына кетіп қалды-ау деген де ой болды. Баланың түр-сипаты туралы хабар дереу Алматы аудандық полиция басқармаларына таратылды»,– деді Жетісу аудандық полиция басқармасының басшысы Дархан Мұсанов.

Полиция негізінен іздеу жұмыстарын «Айнабұлақ» шағынауданында жүргізді. Баланың қолында самокат болған. Түнгі сағат 22:00-дер шамасында полиция экипажы баланы Қапшағай көпірінде облысқа қарай кетіп бара жатқан жерінен тапты.

«Бала дін аман. Анасына тапсырылды. Үй-ішінің қуанышында шек жоқ. Бағжан – отбасының тұңғышы. Биыл бірінші сыныпқа барған. Үйінен неге кетіп қалғанын әзірше түсіндіре алмай отыр », –  деді полковник Дархан Мұсанов.


Новости партнеров