Олардың денелері табылды
Жолаушылары бар автобус Равалпинди қаласынан Пенджаб провинциясындағы Скарду жаққа жол жүріп келе жатқан.
Пәкістанның солтүстігінде Гилгит-Балтистан өңіріндегі Скарду ауданында жолаушылар автобусы тау көшкінінің астында қалды. Автобустың ішіндегі 16 адам қаза болды. Бұл туралы 19 қазанда Синьхуа агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
«Таудағы тас көшкіні салдарынан жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Көліктің ішіндегі 16 адамның барлығы қайтыс болды», – делінген хабарламада.
Скарду округі комиссарының орынбасары Анас Икбалдың айтуынша, жолаушылардың барлығы жергілікті тұрғындар болған. Олар үйлеріне қайтып келе жатқан. Олардың денелері табылды.
Анас Икбал қазіргі уақытта жолды тазарту және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.