Тергеу барысын облыс прокуроры мен СҚО ПД бастығы бақылауға алды. Сонымен қатар облыс прокуратурасы бақылаушы органдардың қызметіне талдау жүргізеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Петропавл ЖЭО-2 директоры мен бас инженері түтін мұржасының құлауы туралы іс бойынша ұсталды, деп хабарлады СҚО Прокуратурасы.
Іс ҚК 254-бабы "Міндеттеріне адал қарамау" бойынша тергеліп жатыр.
"21 наурызда Петропавл полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына ЖШС ЖЭО-2 директоры, сондай-ақ осы серіктестіктің бас инженері қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу аясында іс бойынша барлық мән – жайларды анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізілуде", – делінген ақпаратта.
Тергеу барысын облыс прокуроры мен СҚО полиция департаментінің бастығы бақылауға алды.
Сондай-ақ прокуратура бақылаушы органдардың қызметіне талдау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша жауапты лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне баға беріледі.