Петропавлдағы апат болған жылу орталығының директоры мен бас инженері қамалды

22.03.2022 15:44

Тергеу барысын облыс прокуроры мен СҚО полиция департаментінің бастығы бақылауға алды

Фото: ашық дереккөзден

Тергеу барысын облыс прокуроры мен СҚО ПД бастығы бақылауға алды. Сонымен қатар облыс прокуратурасы бақылаушы органдардың қызметіне талдау жүргізеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Петропавл ЖЭО-2 директоры мен бас инженері түтін мұржасының құлауы туралы іс бойынша ұсталды, деп хабарлады СҚО Прокуратурасы.

Іс ҚК 254-бабы "Міндеттеріне адал қарамау" бойынша тергеліп жатыр.

"21 наурызда Петропавл полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына ЖШС ЖЭО-2 директоры, сондай-ақ осы серіктестіктің бас инженері қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу аясында іс бойынша барлық мән – жайларды анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізілуде", делінген ақпаратта.

Тергеу барысын облыс прокуроры мен СҚО полиция департаментінің бастығы бақылауға алды.

Сондай-ақ прокуратура бақылаушы органдардың қызметіне талдау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша жауапты лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне баға беріледі.

Теги: ұсталды