Автобус жолаушыларының бәрі - Алматы қаласының тұрғындары
Алматы облысында 52 жолаушы құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 52 жолаушы мінген автобус елсіз далада бұзылған. Жолаушылар Еңбекшіқазақ ауданы Нұра стансасынан 25 шақырым жердегі Көкпекті асуында, Боғаты тауында қалып қойған. Оларды құтқаруға департаменттен 3 қызметкер және бір техника көмекке келді. Автобус жолаушыларының бәрі - Алматы қаласының тұрғындары. Туристер Нұра стансасына жеткізілді. Әрі қарай жолай кездескен көліктермен өз бетінше діттеген жеріне аттанып кетті.