Жасөспірім ми шайқалуымен облыстық балалар емханасының травматология бөліміне түскен
Пәтер иелерінің кооперативіне 30 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Еске салайық, жарты метрлік мұз 16 жастағы жасөспірім бес қабатты үйдің подъезіне кіріп бара жатқанда құлаған. Баланың тұрып, подъезге кіруіне көршісі көмектескен. Жасөспірім ми шайқалуымен облыстық балалар емханасының травматология бөліміне түскен.
«Аталған факт тіркелді», - деді Полиция департаментінде.
Кәмелеттік жасқа толмаған бала Короленко көшесі, 355 үйдің подъезі жанында шатырдан мұз құлауына байланысты бас жарақатын алғаны анықталды. Ведомствоның мәлімдеуінше, ПИК директоры ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.
Оған 30 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындалды. Полицейлер ҚР тұрғын үй қатынастары туралы заңның 43-бабы, 8-тармағы бойынша кез келген ПИК, ЖШС қызмет көрсететін тұрғын үйдің санитарлық және техникалық жағдайын жасауы керек.