Шалқарда оқушыны өлтірген жасөспірім 9 жылға сотталды
sputniknews.kz
Сот айыпталушыны қаза тапқан оқушының туыстарына 4,6 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақтөбе облысында 10-сынып оқушысын өлтірген күдіктіге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
2019 жылы 26 қаңтарда Шалқар ауылында екі мектеп оқушыларының арасында төбелес шыққан. Осы оқиға кезінде 2003 жылғы оқушының кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған, бір күннен соң ол ауруханада қаза тапты.
17 жастағы күдікті сот үкімімен 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады. Сондай-ақ, сот айыпталушыны қаза тапқан оқушының туыстарына 4,6 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттеді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41