|
25.08.2023 | 10:47
738

Өртке қатысты ТЖД қала тұрғындарына үндеу жасады

Құрылыс материалдар сақталған қойма өртенді

Өртке қатысты ТЖД қала тұрғындарына үндеу жасады Zakon.kz

25 тамызда Алматының Жетісу ауданындағы қойма жанып, өрт сөндірушілер күрделі өртті сөндірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматының Жетісу ауданындағы қоймалардың бірінде өрт болып, будақтаған түтін бүкіл қаланы жайлады. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қызыл жалын шамамен түнгі 1:30-да тұтанған дейді. Олар әлі де оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Өртенген нысанда ламинат және басқа да құрылыс материалдары сақталған. Тілсіз жау 295 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазір өрттің неден болғаны анықталып жатыр. Болжам бойынша от қоймадағы тоқ сымдараның қысқа тұйықталуынан болған. Зардап шеккендер жоқ.

– Аталған өрт оқиғасына 60 жеке құрам келді. Сонымен қатар 30 техника жұмылдырылды. Алматы қаласы мен тұрғындарына үрейге бой алдырмауға шақырамыз. Мұрын-иіс аурулары бар тұрғындарға маска киюге, егде жастағы адамдарға үйден шықпауын сұраймыз, – деді Жетісу ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Арман Мәкенов.

Оқи отырыңыз:Күйік иісі шықты: түнде қалада қойма өртенді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир