Түрксіб ауданының «Қайрат» шағынауданындағы газ жақын арада қосылады

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Аудан әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызметкерлері шағынаудан тұрғындарымен кездесіп, әр үйді аралап түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ЖКО салдарынан істен шыққан «Қайрат» шағынауданындағы «Баймақ» ЖШС жеке газ желілерінің зақымдануы бойынша жөндеу мәселесі жедел шешілуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кеше сағат 13:30-да жүк көлігінің жүргізушісі орташа қысымды газ магистраліне соғылып, апат салдарынан шағынауданның бірқатар үйіне газ беру тоқтатылған болатын.

Апатты қалпына келтіру жұмыстары 3 сағаттан астам уақытқа созылды, содан соң желілерді іске қосу-жөндеу жұмысы басталды. Алайда жөндеу бригадалары газбен тұрақты жабдықтауды толық көлемде қамтамасыз ете алмады.

Аудан әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызметкерлері шағынаудан тұрғындарымен кездесіп, әр үйді аралап түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

1: 30-да 135 абонент газбен қамтамасыз етілді. Қалған 52 абонент бойынша желілерде газ құбырының бітелуі анықталды, оларды жою үшін негізгі магистральды ажырату қажет болды (қауіпсіздік техникасына сәйкес түнгі уақытта дәнекерлеу және іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілмейді).

Шағынаудан тұрғындарына апатты қалпына келтіру жұмысы бүгін күндізгі уақытта да жалғасатыны туралы түсініктемелер берілді.


Новости партнеров