Бурабайда велосипедпен ағашқа соғылған бала көз жұмды

06.05.2024 15:48

Қазіргі кезде осы дерек бойынша іс қозғалды

elements.envato.com

Бурабайда курортына саяхатқа келген астаналық жасөспірім оқыс оқиғадан қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақмола облысы ПД кәмелет жасына толмаған баланың қайтыс болғанын растады. Қазіргі кезде осы дерек бойынша іс қозғалған.

«Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала анықталғандай, бала жалға алған велосипедпен ағашқа соғылған. Соның салдарынан алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, тергеу амалдары қолға алынды», — деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы салдарынан бір демалушы қаза болып, екеуі зардап шеккен тау шаңғысы базасының басшысы 4 жылға сотталғанын жазған едік.

Оқи отырыңыз: Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды