Жол апаты салдарынан жедел жәрдем көлігіне отырған екі адам зардап шекті.
Алматыда Қалқаман
шағын ауданында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Жол апаты Әшімов және Байзақ батыр көшелерінің қиылысында болған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Mercedes Байзақ батыр көшесімен батыс бағытта келе жатады. Жүргізуші «Жол бер» деген белгіні байқамай немесе мән бермей Әшімов көшесіне атып шығады. Сол сәтте бұл көшемен жедел жәрдем көлігі келе жатқан екен.
Жеңіл көлік қатты жылдамдықпен келіп, жедел жәрдем көлігін бүйірден соғады. Жедел жәрдем көлігі бір қырына аударылып, ал Mercedes қатты соққыдан шыр көбелек айналып, арыққа түсіп, жол белгісіне соғылады.
Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті – жедел жәрдем жүргізушісі мен фельдшер. Олар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.