Алматы қаласында суды тоқтатады деп жалған хабар таратқан жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жалған хабарламаның мазмұнында «қалалық сумен жабдықтау қызметі суды өшіреді, ал тұрғындар ауыз суды жинап алуы керек» делінген. Өз кезегінде, 54 жастағы әйел кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.
«Х. атты азаматша адамдардың арасында үрей туындатқысы келмегенін және достарына ескерту жасағысы келгенін түсіндірді. Алайда, қалай болғанда да, жалған ақпарат оның телефоны арқылы тарады, енді ол өзінің әрекеті үшін ҚР ҚК-нің 274-бабы 4 тармағы бойынша жауап беруге мәжбүр болады.
Жедел хабар алмасу арқылы жіберілетін ақпараттық мәліметтердің барлығы дерлік жалған болып табылады.Қолданбалы қосымшаларыңыз болғандықтан, бұл сізде смартфон бар, демек, сіз ресми БАҚ-тағы жаңалықтарды көре аласыз дегенді білдіреді.
Әдетте, мұндай хабарламаларда іс-шараның нақты уақытын, болатын күні мен жерін көрсетеді. Кейде осындай хабарламалардың көрші елдерден де келетін жағдайлары болады. Азаматтар қандай да бір ақпараттық хабарлама жібермес бұрын, олардың дұрыстығын тексеруі керек. Елдегі төтенше жағдайды біле тұра жалған ақпарат таратқаны үшін, әсіресе, ол хабарлама халық арасында дүрбелең тудыру мақсатында жіберілсе, жеті жылға дейін түрмеге қамау түріндегі жаза қолданылады», – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жанболат Зиадин.