Шымкентте бір отбасының екі баласы тамақтан уланып қайтыс болды

tengrinews.kz
tengrinews.kz
Жедел жәрем қызметкерлері ем тағайындап, кетіп қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте бір отбасы астан уланып, анасы мен үш баласы ауруханаға түскен. Алайда дәрігерлер 1 және 4 жасар баланы аман алып қала алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше сағат 10:30-да жұқпалы аурулар ауруханасына тағамнан уланған бір отбасының мүшелері түскен. Олар Еңбекші ауданына қарасты Алдияров көшесіндегі көпқабатты үйден жеткізілген.

Отағасының айтуынша, алғашқы ауырған сәтте, яғни түнге 04:42-де осы мекенжай бойынша жедел жәрдем шақыртқан. Себебі, тамақтан уланған әйелі мен үш перзенті жаппай құсқан. Ауырсыну белгілері байқалған. Жедел жәреммен келген медицина қызметкерлері ем тағайындап, кетіп қалған. Алайда жанұя мүшелерінің жағдайлары одан сайын нашарлап, таңертең тағы медициналық көмек шақыртқан.

Ақырында 1987 жылы туған анасы мен 2008, 2015, 2018 жылы туған балалары токсикологиялық бөлімшеге жатқызылған.

«Күндізгі сағат 11:00-де жұқпалы аурулар ауруханасында 2015 ж. т. бала қайтыс болды. Артынша сағат 14:00-де 2018 жылы туылған бала көз жұмды. Қазіргі таңда олардың өлімнің себебі анықталуда. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Аман қалған екі адамның жағдайлары қанағаттанарлық. ТЖ департаментінің 3 қызметкері оқиға орнына барған. Олар мұқият талдаудан кейін  газдан улану фактісін тіркеген жоқ»,- делінген хабарламада.

Новости партнеров