Қостанай облысында баланың үстіне үйдің қабырғасы құлап кеткен

10.07.2019 15:50

Бала сүріліп жатқан үйдің жанында ойнап жүрген

Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы Шадысаев ауылында баланың үстіне үйдің қабырғасы құлап кеткен, деп хабарлайды «Қостанай жаңалықтары».

Аудандық білім бөлімінің басшысы Дильнара Сапанов балалардың сүріліп жатқан үйдің жанында ойнап жүргенін айтады. Біраз бала қашып үлгерген, ал Талғат есімді бала үйінділер астында қалып қойған.

Бала жедел түрде Қарабалық аудандық ауруханасына жеткізілді, ары қарай оны облыстық балалар ауруханасына алып кетті. Жедел түрде ота жасалды.