Шымкентте 11 жастағы қыз суға батып кетті
Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті
Қайғылы жағдай Еңбекші ауданындағы Қарабастау тұрғын алабында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шымкентте 11 жастағы қыз абайсызда Бадам өзені үстіндегі құбырдан құлап кеткен. Жүзуді білмейтін жеткіншек суға батып, жантәсілім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай Еңбекші ауданындағы Қарабастау тұрғын алабында болған. Оқиға орнына қалалық ТЖ департаментінің 10 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды.
«Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бірнеше сағат бойы су астында іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде құтқарушы сүңгуірлер қыздың денесін тауып алып, судан шығарып, туыстарына тапсырды»,- делінген хабарламада.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33