Алматы тұрғыны рульді өзінің алты жасар ұлына бергені үшін жауапкершілікке тартылды
Ер адамға қатысты құқық бұзушылық белгілері бойынша әкімшілік хаттама толтырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда алты жасар бала Gelandewagen мініп жүр. Әкесі баласына жол талғамайтын темір тұлпарды тізгіндеуге рұқсат беріп, оны видеоға түсірген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Полицейлер заңбұзушылық дерегін әлеуметтік желі арқылы білген: бастапқыда баланың әкесі ұлының элиталық көлікті басқарғанын видеоға түсіріп, жариялаған.
Бейне кадрлар әлеуметтік желілерде пайда бола бастады. Бұл жағдай күз айының соңында болыпты. Әкесі мен ұлы 2019 жылы 20 қарашада «Төменгі Пятилетка» аумағында көлік жүргізген. Бұған қалалық құзырлы орган өкілдері шара қолданғанын мәлімдеді. Оған Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша айыппұл салынды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
05.10.2026 12:35