Жетісу облысында мектеп жасындағы қыз жүкті болып қалған

11.10.2023 15:52

ҚР Қылмыстық кодекстің 122-бабы бойынша қылмыстық қозғалды

Сурет: Pixabay

Жетісу облысында 15 жастағы оқушы қыз жүкті болды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл жағдай бұқаралық ақпарат құралдарында талқыланды.

Жетісу облыстық полиция департаменті аталған деректі растады.

 - Талдықорған қалалық полиция басқармасының қызметкерлері аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 122-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Іс материалдары бойынша күдікті — кәмелетке толмаған қыздың 21 жастағы туысы, — деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бірқатар сараптама тағайындалды.

Іс облыстық тергеу басқармасының ерекше бақылауында.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында оқушы мектептегі темірге құлап, ауруханаға түсті