Қазақстанда жыл басынан бері 251 адам өрттен қаза тапқан

© Photo : ПС ДЧС Алматы
© Photo : ПС ДЧС Алматы
Төтенше жағдайлар министрі биыл 7,5 мыңнан астам өрт оқиғасы тіркелгенін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда өрттен өлім-жітім көбейген. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты. Оның сөзінше, осы жылдың басынан бері 7,5 мың өрт тіркелген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Елімізде әрбір 36-шы өрттен 1 адам қаза табады екен. Тілсіз жау қаупі жоғары өңірлер ішінде Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстары көш бастап тұр. Бұл өңірлердегі өрт және одан қаза тапқандардың саны республикалық орташа көрсеткіштен 2-3 есеге асып түскен.  

«Жыл басынан бері елімізде 7 515 өрт тіркеліп, соның салдарынан 251 адам қаза тапты. 217 адам түрлі деңгейде күйік шалып, уланып қалды. 2020 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда, өрттің жалпы саны 7 пайызға төмендегенімен, қаза тапқандар саны 20 пайызға, ал жарақаттанғандар 18 пайызға артып отыр. Жеке тұрғын үй секторында 4 мыңнан астам өрт тіркелді. Бұл елімізде болған барлық өрттің 58 пайызын құрайды», – деді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.

Новости партнеров