Ақмола облысында полиция тіркемесі аударылып кеткен жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Астық тиелген тіркемесі бар жүк көлігі Ақмола облысындағы тасжолда аударылды. Жүргізушіге патрульдік полиция көмек көрсетті.
Екатеринбург – Алматы тасжолында астық тиелген тіркемесі бар "КаМАЗ" автокөлігінің жүргізушісі өте қауіпті жағдайға тап болды. Жүру кезінде көлік құралының бір бөлшегі істен шығып, тіркеменің жолға аударылуына себеп болды. Оқиға туралы патрульдік полиция ротасының экипажы, құрамында Ерболат Нұрлыбеков пен Асанәлі Әскербековке осы уақытта автожол учаскесін патрульдеу кезінде белгілі болған.
Полицейлер ықтимал жол-көлік оқиғаларын болдырмас үшін аумақты дереу қоршауға алды, сондай-ақ тіркемені көтеру үшін жақын маңдағы елдімекеннен арнайы техниканы қамтамасыз етті. Бірнеше сағат бойы құтқару операциясы жалғасып жатқанда, полиция қызметкерлері жүргізушінің жанында болып, жол учаскесінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Соңында жүргізуші полицейлерге көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.
Оқи отырыңыз: Көкшетауда ХҚКО қызметкері көліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан