Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезді

Victor Glutsenko
Victor Glutsenko

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 259 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 ақпанда сағат 10:08-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі СОМЭ орталығына сілтеме жасап. 

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 259 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан - афтершок.

MSK-64 бағаны бойынша Алматыда 2 балл деңгейінде сезілді.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Бұған дейін сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы биыл Қазақстан аумағында жойқын жер сілкінісі болмайтынын жеткізген еді.

Айта кетейік, бүгін 23 ақпан Алматыда жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау үшін оқу-жаттығу өтіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматыда сейсмикалық жаттығу өтеді

Новости партнеров