Алматыда үйден өрт шығып, екі адам қайтыс болды
@yandex.ru
Өрт сөндірушілер келіп жеткенше от жалмаған үйден жеті жасар баланы көршілері шығарып алыпты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда Медеу ауданында жеке үй өртеніп, салдарынан екі адам қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz.
Өрт сөндірушілер келіп жеткенше от жалмаған үйден жеті жасар баланы көршілері шығарып алыпты.
Небәрі 1,5 км қашықтақта орналасқан құтқарушылар штабынан өрт сөндірушілері 5 минутта келіп үлгеріпті. Өрттің көрші үй мен аулада тұрған көлікке ауысу қауіпі пайда болған.
Үйдің ішінен ес-түссіз жатқан екі азамат - 1998 жылғы ер адам мен 1989 жылғы әйел табылып, сыртқа шығарылған.
Алайда оларды аман алып қалу мүмкін болмапты.
Өртті ауыздықтауға 26 минут жұмсалған. Тілсіз жауды сөндіруге 21 адам мен 4 техника бірлігі жұмылдырылған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40