Таиландта суға кеткен қазақстандықтың мәйіті өртелетін болды

01.10.2019 в 15:57

Консул марқұмның мәйітті Таиландта өртеліп, кейін Қазақстанға күлі жеткізілетінін айтты

Таиландта көз жұмған 78 жастағы қазақстандық әйелдің отбасы сот-медициналық сараптама аяқталғаннан кейін әйелдің денесін кремациялауға шешім қабылдады. Бұл туралы брифингте Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik.

"Қайғылы оқиға 26 қыркүйекте болды. Біздің 78 жастағы азаматымыз Паттайя провинциясындағы жағажайда суға батып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел суға кету салдарынан көз жұмған, бірақ біз медициналық тексерудің нәтижесін әлі күтіп отырмыз", - деді Смадияров.

Консул марқұмның мәйітті Таиландта өртеліп, кейін  Қазақстанға күлі жеткізілетінін айтты.