Алматы маңында жүкті әйелді әкеле жатқан жедел жәрдем апатқа ұшырады
Жүкті әйелді шұғыл түрде ауруханаға жеткізу керек болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Талғар тас жолында, Қызыл Қайрат ауылының тұсында үш автокөліктің қатысуымен жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Куәгерлердің сөзінше, жедел жәрдем көлігі Талғар бағытында келе жатқан. Оның ішінде шұғыл түрде ауруханаға жеткізілуі тиіс болған жүкті әйел жатқан. Жолда әдеттегідей қатқан кептеліс, содан жүргізуші науқасты тезірек жеткізу үшін қарсы бағыттағы жолға шыққан. Қарсы жолдағы Mitsubishi Pajero ығысып үлгермей, екі көлік бүйірімен соғылды. Соққыдан кейін жедел жәрдем жол жиегіне ұшып кетсе, Mitsubishi Pajero қарсы келе жатқан Gelandewagen-ге соғылды.
Жол оқиғасынан жедел жәрдем жүргізушісі жарақат алды. Оның жүкті жолаушысын басқа басқа жедел жәрдем көлігі алып кетті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
08.09.2026 18:00
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
08.09.2026 21:55
Алматыда 7-13 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
09.09.2026 09:14
Қазақстанда Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі іске қосылды
08.09.2026 09:34