2 маусымда Алматыда жол-көлік оқиғасы болды. Жүргізуші рөлге ие бола алмай қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол апаты жексенбі күні таңғы сағат 07.00 шамасында болған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, Mitsubishi Outlander көлігінің жүргізушісі Гоголь көшесімен шығыс бағытта келе жатып, рөлге ие бола алмай, жарықтандыру бағанасына соқтығысқан. Апат салдарынан жүргізуші мен оның үш жолаушысы медициналық көмекке жүгінген. Оқиғаның мән-жайын Алмалы аудандық ПБ қызметкерлері анықтап жатыр.
"Электрондық үкіметтің" ресми сайтында ЖКО-ға түскен жағдайда не істеу қажет екендігі айтылған: зардап шеккендердің бар-жоқтығын тексеру, егер бар болатын болса жедел жәрдем шақыру; "апаттық сигналды" қосу және апаттық аялдау белгісін орнату; егер оқиға куәгерлері болса, олардың байланыс деректерін жазып алу керек. Бұл ерекше жағдайларда пайдалы болуы мүмкін; әкімшілік полиция қызметкерлері (егер зардап шеккендер болмаса – 102/ бар болса – 112 (қоңырау шалу тегін) мен сақтандыру агенттерін шақыру (тел.: сақтандыру куәлігінен қараңыз).
Жол-патрульдік полиция қызметкерлері келген кезде істің барлық материалдарын ресімдеуі тиіс:
ЖКО сызбасын құрастыруға;
ЖКО жерін қарау хаттамасын жасауға;
әкімшілік хаттама толтыруға;
түсініктемелер іріктеуге;
жүргізушілерді медициналық куәландыруға жіберуге.
Сонымен қатар жол-патрульдік полиция қызметкерлері сіздің барлық құжаттарыңызды тексереді, сызбаны салады, сондай-ақ, кейбір жағдайларда, егер көлік құралы ЖКО орнында басқа аватомобильдердің қозғалысын қиындататын болса көлік құралдарын сүйреп әкетуді сұрайды. Бұдан әрі жол-патрульдік полициясының қызметкері сізге жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының атына түсініктеме бланкісін береді. Сіз бланкіні толтырасыз, онда міндетті түрде ЖКО-ның шамамен алынған уақытын, көшелерінің қиылысы (қай жерге қарама-қарсы болды), автокөліктің мем. нөмірін, қозғалыс бағытын және оқиғаның егжей-тегжейлі сипаттамасын, МАҚЖ полисі нөмірін көрсету қажет.
Оқи отырыңыз:Жол апаты: Ақтауда баланы көлік қаққан сәт видеоға түсіп қалды