Қарағанды облысында мас адам көлік ұрлап кетті

vezess.hu
vezess.hu
Медициналық сараптама оның мас болғанын анықтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында мас адам көлік ұрлап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

21 мамырда Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласының полиция бөліміне Мамахов көшесіндегі үйдің ауласынан белгісіз біреу Audi 80 автокөлігін ұрлап кеткені туралы ақпарат түсті. 45 жастағы жәбірленушінің айтуынша, бұл ымырт жабылғанға дейін, әлі жарық болған кезде болған. Жоғалған машинаның белгілері дереу кезекші патрульдік полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Көп ұзамай облыстық ішкі істер департаментінің патрульдік полиция батальоны Жезқазған-Қарағанды тас жолында ұрланған көлікті байқады. 

Олар 51 жастағы ер адам басқарған автокөлікті ұстады. Медициналық сараптама оның мас болғанын анықтады. ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы (Ұрлық мақсатынсыз автокөлікті заңсыз иелену) бойынша қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.


Новости партнеров