Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болды
alau.kz
Бұл туралы өңірдің ПД баспасөз қызметі хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қостанай облысындағы жол-көлік апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
17 желтоқсанда сағат 20:20 шамасында Қостанай - Сарыкөл автожолында Тобыл қаласынан 10 шақырым жерде Nissan автокөлігінің 61 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Lada Granta көлігімен соқтығысқан. Бұл туралы өңірдің ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Апат салдарынан екі көліктегі жолаушылар сол жерде қайтыс болды. Жүргізушілер әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
"Осы факті бойынша полиция ҚК - нің 345-бабының 4-бөлігі бойынша "Абайсызда екі адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - деп хабарлады полиция.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41