Қарағандыда қоғамдық көліктерге оқ атылды (видео)

Полицейлер автобустардың бірінен металл шаригін тапқан, оның диаметрі - 4,5 миллиметр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағандыда қоғамдық көліктерге белгісіз біреу оқ атқан. Оқиға кеше кешкі сағат 19:00 шамасында қаладағы аялдамалардың бірінде болған. Бұзақылар пневматикалық тапаншамен бірнеше автобусқа оқ жаудырған, , деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әр автобустың ішінде 45-50 жолаушы болған. Полиция қызметкерлерімен оқиға орынын тексеру жұмыстары барысында №45 автобустың ішінен диаметрі 4,5 мм. пневмат оғы табылыпты.

«45-квартал аялдамасында белгісіз адам пневматикалық құралмен қоғамдық көліктердің терезесін сындырған. Зардап шегушілер жоқ. Аталған факті бойынша бұзақылық бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Бүгінгі таңда күдіктіні ұстау жөнінде кешенді іс-шаралар жүргізілуде», – деді Қарағанды облысының ПД баспасөз хатшысы Жаңатай СЕМБЕКОВ.  


Новости партнеров