ШҚО-да жол апатынан 4 адам көз жұмды

17.05.2021 16:00

Оның екеуі – кәмелет жасқа толмаған балалар

Altaynews

Өскемен-Алтай тас жолында 15 мамыр жүк көлігі аударылып, 4 адам қаза тапты. Оның екеуі – кәмелет жасқа толмаған балалар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Altaynews-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жүк көлігі жолдан шығып кетіп, аударылған екен. Ізінше көлік өртке оранған. Оқиға орнынан 4 адамның жанып кеткен мәйіті табылды.

Полицияның ақпараты бойынша, 37 жастағы жүргізуші еңістк көліктің басқара алмай қалған.

«Автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушының жанып кеткен мәйіті табылды, екеуі – кәмелет жасқа толмаған балалар. Олар алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмған», деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдары басталып, сараптамалар тағайындалды.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары «жол апатында тұтас бір отбасы қаза тапты» деген жазба қалдырыпты. 

Олардың айтуынша, балалардың біреуі 6 жаста , екіншісі әлі жасқа да толмаған.