"Тазалық" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті
Түркістан облысының полицейлері "Тазалық" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында екі тәулікте 600-ге жуық құқықбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтее жасап.
Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов жеке құрамға 18-20 наурыз күндері аралығында “Тазалық” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуді тапсырды. Негізгі мақсат – облыс аумағындағы заңсыз әрекеттерді жойып, құқықбұзушылықтардың алдын алу. Іс-шараға қарқынды кіріскен облыс полицейлері 2 тәулік ішінде 595 құқықбұзушылықты анықтады. Оның ішінде белгіленбеген орындарда сауда-саттық жасаған 93 азамат жауапқа тартылды. Ал ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаны жәбірлеп тиісу, мүлікті қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін тыныштықты бұзу бойынша 8 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.
Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы (Ортақ пайдаланатын орындарды ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау) бойынша 236 құқықбұзушылық анықталып, жауапкершілікке тартылды. Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, жасыл екпелерді жою және бүлдіру бойынша – 180, жолдарды, теміржол өткелдерін және басқа жол құрылыстарын бүлдіру фактісімен 78 әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл бағыттағы шаралар полицейлер тарапынан алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Сондықтан полиция тарапынан заңсыз әрекеттерге жол бермеуге кеңес берілді.
Оқи отырыңыз: Жалған төлқұжатпен Еуропаға өтпек болғандар Алматыда ұсталды