Дүмпу алматы қаласында сезілмеді
Алматыдан 835 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансалар желісі 18 желтоқсанда Алматы уақытымен 9 сағат 53 минутта жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан 835 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.1.
MPV магнитудасы - 4.5.
Тереңдігі - 160 шақырым.
Дүмпу алматы қаласында сезілмеді.