Германияда 50-ге жуық көлік жаппай соқтығысып қалды
ҚазАқпарат
Жол апатына мұзды жаңбыр себеп болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Германияның Амберг қаласында (Бавария федералды жері) шамамен 50 көлік соқтығысқан жол апаты болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бірнеше адам жарақат алған. Оқиға орын алған нөмірі алтыншы автобан екі бағытта да толығымен жабылды. Жол апатына мұзды жаңбыр себеп болды.
«Мәселе мынада, Жоғарғы Франконияда мұз аралас жаңбыр жауды. Тіпті әріптестеріміздің өзі апат орнына жеткенде қиындықтарға тап болды», – деді тәртіп сақшылары.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
06.10.2026 09:30
Елордада бес көлікті жалын шарпыды
06.10.2026 10:00
Алматыда коммуналдық қызметтердің қысқа дайындығы талқыланды
06.10.2026 11:20