Алматы облысында бір жасар бала автобус астына түсіп көз жұмды
pixabay.com
Автобус қозғалған кезде бала дөңгелек астына түсіп қаза болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында бір жасар бала автобус астына түсіп көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv өңірдің Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Шамалған ауылының тұрғыны үлкен ұлын балаларды балабақшаға таситын автобусқа алып келген. Кіші баласы осы уақытта әйелдің жанында, бірақ шағын автобусқа тым жақын тұрған. Автобус қозғалған кезде бала дөңгелек астына түсіп қаза болды.
"Шағын автобус рөлінде 69 жастағы ер адам отырған. Ол балаларды балабақшаға тасумен айналысқан", - деді полиция департаментіндегілер.
Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-ші бабының үшінші бөлімі (Абайсызда адам өліміне әкелген жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша іс қозғалды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
10.10.2026 12:53
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
10.10.2026 09:10
Иммунитетті қалай күшейтуге болады - мамандар кеңесі
10.10.2026 09:54
Қан қысымын төмендетуге көмектесетін жеміс аталды
09.10.2026 12:17