Ерлі-зайыптылардың арасында кәмелетке толмаған баланың тәрбиесі мен қамқорлыққа алу бойынша жанжал орын алған
Ақсуда ер адам мектепке кіріп кетіп, бұрынғы әйеліне баллоннан белгісіз сұйықтықты шашқан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
«Ақсу қаласының полиция бөлімшесіне № 8 мектептен шақырту түсті. Оқиға 12 ақпан күні сағат 10:00-де 37 жастағы ер адам мектептің ішінде белгісіз сұйықтық бар баллонды бұрынғы әйеліне шашыратқаны анықталды. Әйел адамға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Екі көзінің қасаң қабығын химиялық күйік шалу диагнозы қойылды», - делінген хабарламада.
Ерлі-зайыптылардың арасында ажырасқаннан кейін кәмелетке толмаған баланың тәрбиесі мен қамқорлыққа алу бойынша жанжал орын алған.