Алматыда 10 күннен астам хабар-ошарсыз кеткен 22 жастағы қыз табылды

Алматыда 10 күннен астам хабар-ошарсыз кеткен 22 жастағы қыз табылды
Жеке бас себептеріне байланысты оны бұған дейін айта алмаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жоғалған 22 жастағы Ақнұр есімді қыз табылды. Кеше кешкісін бойжеткеннің анасы өзі хабарласып, қызының аман-есен табылғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ақнұрдың 11 күн бойы қайда жүргені белгісіз. Белгілісі тек, жоғалған қыз біздің қорытынды жаңалықтарымызды көргеннен кейін, анасына өзінің аман-есен екендігін хабарлаған.    

«Кеше Алматы телеарнасында көрсетілген жаңалықтан кейін қызымның өзі хабарласып, «Мама мен үйге келе жатырмын деп хабар берді. Содан мен жеткенше үйге келіпті. Содан екеуіміз қауыштық, қазір қызым аман-есен. Бәрі жақсы», – деді Ақнұр Мәженованың анасы Әлия АЛИШЕВА.  

Естеріңізде болса, кеше «Алматы» арнасының қорытынды жаңалықтарынан Ақнұрдың жоғалғаны туралы  бейматериал берілген болатын. Оның 11 күн бойы анасымен де, жұмысындағы әріптестерімен байланысқа шықпағандығын айтқан болатынбыз. 

Новости партнеров