Алаяқтық және сенімге қиянат жасау арқылы 300-ге жуық азаматтың 500 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз иеленген
Шымкент қалалық полициясы "Гарант 24 Ломбард" ЖШС филиалының директорын ұстап, уақытша ұстау абақтысына қамады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Polisia.kz хабарлағандай, алаяқтық және сенімге қиянат жасау арқылы 300-ге жуық азаматтың 500 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз иеленген.
Бұған дейін "ESTATE Lombard" ЖШС филиалының директоры ұсталған. Ол өз салымшыларын алдап, 100 миллион теңгеден астам шығын келтірді деген күдікке алынған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеулер жалғасуда.