Қарағанды облысында жүк пойызы релсьтен шығып кетті
ашық дереккөзден
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қарағанды облысының «Қарағанды – Сұрыптау-Ақадыр» учаскесінің 767 «Қарабас – ОП» аралығында жүк пойызында 14 вагонның рельстен шығып кетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, учаскеде жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жеке меншік иелеріне тиесілі вагондардың рельстен шығуы олардың ақаулығына байланысты.
Болған жағдайды тексеру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да арнайы комиссия құрылды. Апат салдарын жою үшін Қарағанды, Жаңаарқа, Астана станцияларының үш қалпына келтіру пойызы тартылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Егемендік декларациясы – тәуелсіздіктің алтын қазығы
22.10.2026 19:54