Атырауда жоғалған сәбидің денесі табылды

22.05.2020 в 16:06

Сәбидің мәйіті өз үйінің ауласындағы кәріз суы жиналатын септиктің ішінде жатқан

Атырауда жоғалған 1 жарым жасар сәби үйінің жанындағы кәріз шұңқырынан өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Бұл туралы аймақтың Жедел штабы хабарлады. Облыстық ПД баспасөз қызметі баланың денесін бүгін таңертең істен шыққан жуынды төгетін шұңқырды тазалау кезінде тауып алған деді. Қазір істің анық-қанығы тексеріліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалған. Бұған дейін хабарланғандай, жоғалған балғынды іздестіруге 100-ден аса тәртіп сақшысы, 50 әскери қызметкер, төтенше жағдай қызметінің 16 қызметкері және 400 ерікті жұмылдырылған еді. 1 жарым жастағы Әли 20 мамыр күні түскі сағат бір жарымда үйінен шығып кеткен.